Басты Жаңалықтар ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды

ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 65 түп ағаш отырғызылды. Сондай-ақ оқу ордасында Республика күніне орай «Алтын күз» мерекелік жәрмеңкесі өтті. Онда ұлттық спорт ойындар, этно-концерт, қолдан жасалған бұйымдар көрмеге қойылып, студенттер үздік инновациялық стартап жобаларын ұсынды. Шараға оқу орнының ғалымдары, оқытушылар мен тәлімгерлер қатысты. Экологиялық бастама барысында университет аумағына 30 қарағай мен 35 бөртегүл көшеті егілді. Айта кетейік, соңғы бес жылда білім ордасының қалашығына 3 мыңнан астам ағаш отырғызылған. Бүгінде университеттің аумағы жасыл желекке толы баққа айналып отыр.

Әбдірахман Тасыбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма мүшесі, қаржы, шаруашылық мәселелері және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры:

Мемлекет басшысы қолдап отырған «Таза Қазақстан» аясында елді-мекендерді көгалдандыру, абаттандыру ең басты мақсат осы. Сонымен бірге жастарға көрсетіп, тәрбие беру. Ағаш егу өте сауапты іс. Жастар соған тартылу керек.

Сондай-ақ, оқу орнында пайдаланылған литий-ионды аккумуляторларды қайта өңдейтін пилоттық цех ашылды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жоба қоршаған ортаны қорғауға және өндірістік қалдықтарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мәселен аккумуляторды қайта өңдеу барысында бағалы металдарды бөліп алуға болады.

Қуаныш Тастамбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент директоры:

Бұл цехтың нақты мақсаты – литий йонды батареяларды қайта өңдеу жұмысымен айналысады. Қайта өңдеудің маңыздылығы – құрамындағы мыс алюминий одан да бөлек басқа элементтерді іріктеп алу.

Бөлісу