Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
Республика күніне тарту! Астанадағы MEGA Silk Way сауда-ойын сауық орталығы келушілерге ерекше қойылым ұсынады. 30-дан астам кәсіби мәнерлеп сырғанаушы қатысатын шоуда еліміздің ғасырлар бойғы тарихы сахналанады. 25 қазан күні өтетін мерекелік тарту жайлы Самал Қабышева толығырақ баяндайды.
Қазір MEGA Silk Way орталығында қызу дайындық. Әр қимыл, әр көрініс пысықталып жатыр. Өйткені бұл - жай ғана мұз айдынындағы шоу емес. Бұл - Ұлы даланың тарихын, ұлттың азаттыққа ұмтылысын және бүгінгі Қазақстанның қалыптасу жолын өнер тілімен жеткізетін қойылым.
Дархан Байғожаев, Astana Musical мемлекеттік театрының әртісі:
Бұл жерде мен Әлихан Бөкейхановты сомдайтын боламын. Мұның ерекшелігі - мәнерлеп сырғанау арқылы қазіргі заманауи түрде жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беру.
Аслан Аманбай, шараға қатысушы:
Дайындыққа 3-4 аптадай кетті. Күн сайын біз осы мұз алаңында биімізді қайталап, басқа актерлермен бірге практика жасаймыз.
Қойылымның желісі көне сақ дәуірінен басталып, Қазақ хандығы, Алаш қозғалысы арқылы егемен Қазақстанға ұласады. Сахнада Керей мен Жәнібек хандардың елдік мұраты, Алаш арыстарының азаттық идеясы және бүгінгі ұрпақтың үміті тоғысады. Ал 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация - тарихи қойылымның негізгі белестерінің бірі. Өйткені Қазақстанның тәуелсіздікке барар жолындағы ең алғашқы ресми құжат дәл осы тарихи күн 25 қазанда қабылданды.
Азамат Әбілдиев, MEGA Silk Way сауда-ойын сауық орталығының креатив директоры:
MEGA Silk Way үшін мұндай шараларды өткізу өте маңызды. Біз сауда орталығының сауда жасайтын орны емес, қала тұрғындары демалатын және бірге уақыт өткізетін орын.
Мұз
үстіндегі тарихи қойылымның мақсаты - мерекелік көңіл күй сыйлаумен қатар,
ұрпақ санасына елдік пен тәуелсіздіктің қадірін жеткізу. Республика күніне
арналған шара Елордадағы Мега орталығында 25 қазан күні сағат 18:00-де
басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы