Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдетуге арналған заманауи технологиялар таныстырылды. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қазақстандық және шетелдік мамандар қатысты. Олар протез жасау, 3D-технологияларды қолдану және балаларды оңалту бағытындағы жаңа әдістерді талқылады. Мәселен, бионикалық протездер адамның бұлшықеттерінен келетін сигналдар арқылы басқарылады. Яғни, адам бұлшықетін қимылдатқанда, протез де соған сәйкес қозғалады. Ал 3D-технологиялардың көмегімен адамның дене бітіміне сай протездер мен арнайы ортопедиялық құрылғылар жасауға болады. Конференцияда есту қабілеті бұзылған балаларды оңалту мәселесі де көтерілді. Мамандар кохлеарлық имплант орнатылған балаларға дыбысты ажыратуды, сөзді түсінуді және сөйлеуді үйретуде арнайы жаттығулардың маңызы зор екенін атап өтті. Сол үшін де, еліміздің шалғай аймақтарындағы балаларға онлайн форматта оңалту көмегін көрсету жобасы қолға алыныпты.
Сырым Нәси, Әлеуметтік қорғау саласын дамыту ұлттық ғылыми орталығының бас директоры:
Оңалту техникалық құралдарын беріп қана қоймай, біздің тиісті мамандарымыз ата-ана мен баламен тығыз байланыста болады. Яғни біздің министрлдіктің FSM Social деген мобильді платфорасымен бірге. Бұл қазір бізде бес аймақта жүзеге асып жатыр: Абай облысы, Шымкент қаласы, Қызылорда және Павлодар. Қыркүйек айында Батыс Қазақстан қосылды. Жылдың аяғына дейін Ұлытау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында осы жобаны қосамыз деп жатырмыз. Себебі, біздің қолданушылардан бұл жоба туралы жақсы ұсыныстар түсіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы