Израиль премьер-министріне сыбайлас жемқорлыққа барды деген айып тағылуы мүмкін
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға жуырда сыбайлас жемқорлыққа барды деген айып тағылмақ. Елдің әділет министрлігінің мәлімдеуінше, үкімет басшысы алаяқтық жасады, қоғамдық сенімді өзінің жеке басына пайдаланды, бизнесмендерден заңсыз сыйлықтар алды деген күдік бар. Ал, министрлер кабинетінің заң жөніндегі кеңесшісі Авихай Мандельбит Нетаньяху мен оның қорғаушыларын жоғарыда айтылған істер бойынша тыңдауға шақырды.
Дегенмен, премьер-министрдің өзі бұл айыптарды жоққа шығарып отыр. «Ликуд» партиясы Нетаньяхуды тергеуді саяси қысым деп сипаттап, бұл істі сәуірдің 9-ында өтетін сайлау алдында үкіметті құлатуға бағытталған әрекет деп мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21