Қытай: Кедей аймақтарда жұмыссыздықпен күресу үшін зауыттар көшіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай: Кедей аймақтарда жұмыссыздықпен күресу үшін зауыттар көшіріліп жатыр

19.02.2019

Қытайдың солтүстік-батысындағы кедей аймақтарға өнеркәсіп зауыттары көшіріле бастады. Осылайша жергілікті билік жұмыссыздықпен күресуді көздеп отыр. Қазірдің өзінде Шаньси провинциясына 316 фабрика көшірілген екен. Олар 14 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Олардың 5 мыңға жуығы кедейшілік шегінде болған.

Айта кетсек, Қытайдың оңтүстік таулы аймақтарында табиғат апаттары жиі болатындықтан, кедейшілікпен күресу қиын. Сондықтан ол аудандардың тұрғындары Шаньси провинциясында салынған жаңа коммуналарға шоғырландыра бастады. Бұл жоба бойынша 10 жыл ішінде 2,4 миллион адамды көшіру жоспарланып отыр екен.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу