Ресей, Түркия мен Иран басшылары Сочиде бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей, Түркия мен Иран басшылары Сочиде бас қосты

15.02.2019

Ресей, Түркия мен Иран Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған қадамдарды ары қарай жалғастыруға келісті. Бұл туралы Сочиде үш ел лидерлерінің қатысуымен өткен саммиттен кейін Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.

Кремль басшысының сөзінше, кездесуде негізінен Идлиб провинциясындағы және елдің солтүстік-шығысындағы жағдай талқыланған. Үштік Сирияда тұрақтылықты тек саяси және дипломатиялық жолмен орнату мүмкін екенін алға тартты. Сонымен бірге олар Араб Республикасының мемлекеттік жүйесінің негізгі аспектілерін дайындайтын конституциялық комиссия құруға көмектесуге келісті. Трионың келесі кездесуі наурыздың соңы мен сәуірдің басында Астанада өтпек.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу