Австралиядан пана тапқан бахрейндік футболшы Хаким Әл-Араиби Таиланд түрмесінен босатылып, Мельбурнге оралды. Спортшының ісі осымен жабылды. Ол Бахрейндегі шерулерге қатысқаннан кейін істі болып, 2014 жылы Австралияға қашып барып, босқын мәртебесін алған. Бірақ, былтыр қарашада 25 жастағы футболшы Таиландқа жұбайымын бал айын өткізуге барғанда әуежайда ұсталып, екі ай қамауда отырып, Бахрейнге депортациялану қаупіне душар болды. Алайда, Австралия премьер-министрі мен бірқатар футбол жұлдыздары араша түскеннен кейін Араиби бостандыққа шығып туған жеріне емес, Мельбурнге аттанып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
