Венесуэла Үндістанға мұнай тасымалдауды 2 есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр
Энергетикалық шикізатты тұтынудан әлемде үшінші орында тұрған мемлекет те Каракастың бұл ұсынысын қабылдаған. Үндістаннан дәрі-дәрмек пен өзге де өнімдерді сатып алатын Венесуэла АҚШ-тың санкциясы күшейгеннен кейін төлемнің баламалы жолдарын қарастырып жатыр. Қазір бұл елде саяси, экономикалық, әлеуметтік ахуал нашарлап кетті. Өзін уақытша президент деп жариялаған оппозиция лидері Хуан Гуайдоны бірқатар мемлекет мойындады. Ал, екінші мерзімге сайланған мемлекет басшысы Николас Мадуро болса, ешкімнің ультиматумына құлақ аспай, биліктен кетпейтінін мәлімдеді. Дағдарыс қарапайым венесуэлалықтардың онсыз да ауыр жағдайын нашарлата түсті. Биыл бұл елдегі инфляция көлемі 10 миллион пайызға жетуі мүмкін.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы