Басты Жаңалықтар Венесуэлада ақша массасы бір аптада 31 пайызға артқан

Венесуэлада ақша массасы бір аптада 31 пайызға артқан

Елдің орталық банкінің статистикасына сай, бұл - 1997 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш. Ақша массасы - бұл айналымдағы қолма-қол ақша мен физикалық, заңды тұлғалардың есеп-шоттарындағы қаражаттың жиынтығы. Ал, оның бір аптада осыншама пайызға артуы елдегі инфляция мен дағдарыстың өрши түскенін көрсетіп отыр.

Халықаралық валюта қорының болжамына сай, биыл Венесуэладағы инфляция деңгейі 10 миллион пайызға жетуі мүмкін. Айта кетсек, ел экономикасы 2014 жылы мұнай бағасы арзандағаннан кейін нашарлап кетті. Осыған орай екінші мерзімге сайланған президент Николас Мадуроға қарсы қысым күшейді. Ал, Еуропа елдері, АҚШ Венесуэла оппозициясының басшысы Хуан Гуайдоны уақытша президент ретінде мойындады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу