Франция парламентінің төменгі палатасы бұзақыларға қарсы заңды көпшілік дауыспен құптады. Енді құжатқа жоғары палата депутаттары дауыс беруі тиіс. Аталған заң азаматтық бостандықтарды шектеуге әкелуі мүмкін деген сынға ұшырап жатыр. Бұзақыларға қарсы заңға сәйкес, шерушілерге беттерін жабуға тыйым салынған. Бұған қоса, полиция демонстрация кезінде жекелеген тәртіп бұзушыларды топ арасынан ұстап алуға құқылы. Тағы бір тұсы, құжатта жергілікті билік өкілдеріне жекелеген шерушілердің наразылық акцияларын өткізулеріне тыйым салу құқығы беріледі. Айта кетсек, Франция астанасында «Сары кеудшелер» қозғалысының шерулері қарашадан бері тыйылмай жатыр. Бұл шара Парижде 1968 жылғы студенттер шеруінен бергі ең ірі тәртіпсіздіктер.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.