Германия, Франция және Ұлыбритания АҚШ-тың санкцияларын айналып өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия, Франция және Ұлыбритания АҚШ-тың санкцияларын айналып өтпек

01.02.2019

Германия, Франция, Ұлыбритания АҚШ-тың санкцияларын айналып өтіп, Иранмен сауда-саттықты әрі қарай жалғастырмақ. Сол үшін олар «Тауар алмасуды қолдау құралы» атты механизм жасағанын жариялады. Мұны үш елдің сыртқы істер министрлері Еуропа Одағы елдері бас дипломаттарының Бухаресте өткен бейресми саммитінде мәлімдеді. 

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен 2015 жылы жасалған ядролық келісімнен шығу туралы шешімді былтыр мамырда қабылдап, Ислам Республикасына қарсы санкцияларды қайта жандандырды. Алайда, Құрама Штаттардың еуропалық одақтастары бұл шешімді қолдамады. Ядролық келісімнен экономикалық пайда болмаса, одан Тегеран да шығатынын ескертті. Сондықтан еуропалық лидерлер өз елдерінің компанияларына Иранмен бизнес жасауға көмектесуге уәде беріп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу