ОПЕК пен оның серіктестері мұнай өндірісін қысқарту мәселесін талқылап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОПЕК пен оның серіктестері мұнай өндірісін қысқарту мәселесін талқылап жатыр

15.11.2018

ОПЕК пен оған серіктес елдер мұнай өндірісін тәулігіне 1,4 миллион баррельге қысқарту жайлы ұсынысты талқылап жатыр. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Айта кетсек, қазан айының басында ғана бір баррелі 86 долларға сатылған «Брент» маркалы мұнай кеше 66 долларға саудаланды. Энергетикалық шикізат бағасының төмендеуіне сұраныстың азаюы және АҚШ-та, Ресейде, Сауд Арабиясында көмірсутегінің рекордтық көлемде өндірілуі себепші.

ОПЕК елдерінің өкілдері 2019 жылдың мұнай саясатын айқындау үшін желтоқсанның 6-да кездеседі. Дегенмен, бұл ұйым өндірісті азайтатын болса, АҚШ-та тақта тастан мұнай алу бизнесі 2014 жылғыдай тағы да өркендеуі мүмкін.  

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу