Американың «CNN» телекомпаниясы президент Дональд Трамп әкімшілігін сотқа берді. Сондай-ақ, әйгілі арна өз тілшісі Джим Акостаның Ақ үйге аккредитациясын қайтаруды талап етіп отыр. Айта кетсек, бұл репортердің материалдары осыған дейін талай рет Трамптың сынына ұшырады.
«Мәселе «CNN» мен Акостаға қатысты болса да, мұндай оқиғаға кез келген адам душар болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл жағдайды жауапсыз қалдырсақ, Ақ үйдің әрекеті барлық журналистерге қауіп төндіруі ықтимал», - деп хабарлайды «CNN».
Ақ үйден аластатылған журналист Акоста өткен аптада Трампқа Мексика арқылы келе жатқан мигранттар керуені мен Ресейдің 2016 жылғы президенттік сайлауға араласуын тергеу проблемасы жөнінде сұрақ қойды. Бұған ашынған президент Акостаны дөрекі, жексұрын деп атаса, Ақ үй қызметкері оның микрофонын тартып алмақ болған.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.