Ауқымды соғыс қаупі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауқымды соғыс қаупі

13.11.2018

Халықаралық қауымдастықтың назары тағы да Таяу Шығысқа ауып отыр. Өңірде жағдай ушығып барады. Бүгін Палестинаның Газа секторындағы қарулы топтар Израильдің оңтүстігіне ондаған зымыран жіберіп, бір адам қаза тапқан. Сондай-ақ, «Хамас» қозғалысының мүшелері егер Израиль бейбіт тұрғындарды бомбалауын тоқтатпаса, шабуылды үдете түсетіндерін ескертті. 

Жалпы алғанда, палестиналық қарулы топ кешеден бері Израильге 400-дей зымыран мен бомба жіберген. Ал, Израиль әуе күштері Газа секторында 100-ден астам нысанға соққы берді.

Бүгінге дейін Газада Израильдің шабуылынан 6 палестиналық қаза тауып, 25-і жараланған. Ал, еврей мемлекетінде кемінде 20 адам зардап шекті. Солардың үшеуі ауыр халде. «Хамас» пен Израиль арасында соңғы он жылда үш рет әскери қақтығыс болып, нәтижесінде мыңдаған палестиналық мерт болған.

«Хамас» 2006 жылы сайлауда жеңіске жетіп, Палестинаның Газа Секторын өз бақылауына алды. Содан бері Израиль бұл аумақты экономикалық қыспаққа алып, жергілікті тұрғындардың жағдайын қиындатып, палестиналықтардың наразылығын күшейтіп отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу