Израиль мен Палестина арасында жанжал күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль мен Палестина арасында жанжал күшейіп келеді

13.11.2018

Аймақтағы жағдайдың ушығуына кеше жеті содыр мен бір израильдік жауынгердің мерт болуы себепші.

Соңғы тәулікте қарулы топтар Израиль жаққа 300-дей зымыран мен снаряд жіберіп, соның бірі автобусқа тиіп, 10 адамды жаралаған. Бұған жауап ретінде Израиль әуе күштері «Хамас» пен «Ислам жиһады» қозғалыстарының 70 шақты нысанына соққы берген. Одан «Хамастың» телестанциясы мен өзге де позициялары қирап, 3 палестиналық мерт болып, тоғызы жараланған. Құрбандардың ішінде бір бейбіт тұрғын бар.

Айта кетсек, Израильдің мемлекеттігін мойындамайтын «Хамас» 2006 жылы өткен сайлауда жеңіске жетіп, Газа секторын бақылауға алды. Содан кейін Израиль бұл анклавты экономикалық блокададан босатпай отыр. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Мысыр, Катар аймақты ұзақмерзімдік ымыраға келтіруге күш салып келеді. Бірақ, соңғы күндердегі оқиғалар үлкен қақтығысқа ұласып кете ме деген қауіп бар.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу