Басты Жаңалықтар Ауғанстан жөніндегі конференцияға тәліптердің өкілдері де қатысады

Ауғанстан жөніндегі конференцияға тәліптердің өкілдері де қатысады

Бүгін Мәскеуде ашылған Ауғанстан жөніндегі келіссөздерге «Талибан» қозғалысының өкілдері ғана қатысып жатыр. Ал, Кабул оған үкіметтен ресми делегация жібермеген. Президент Ашраф Ғанидің мәлімдеуінше, Ауғанстан жайлы конференцияларға ауған билігі жетекшілік етуі керек. Сонымен қатар, кездесуге Біріккен Ұлттар Ұйымы мен АҚШ та қатысудан бас тартты.

Кремль 12 елдің өкілдерін шақырған. Соңғы мәліметке қарағанда, Мәскеуге Иран, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан делегаттары жетті.

Айта кетсек, кейінгі кездері Ресей өзінің инвестициялық жоспарларымен, дипломатиялық және мәдени шараларымен Ауғанстандағы рөлін қайта күшейтіп келеді.

 

Арыстан РЫСБЕК 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу