Ресей Украинаға жауап ретінде санкция жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Украинаға жауап ретінде санкция жариялады

01.11.2018

Оған 322 адам 68 компания іліккен. Солардың қатарында елдің бұрынғы премьер-министрлері Юлия Тимошенко мен Арсений Яценюк, Ішкі істер министрі Арсений Аваков пен бас прокурор Юрий Луценко, «Правый сектор» қозғалысының бұрынғы лидері Дмитрий Ярош пен «Донбасс» батальонының экс-командирі Семен Семенченко, президенттің ұлы Виктор Пинчук пен тағы басқалар бар. Сонымен қатар, санкциялық тізімге Украинаның «Навтогаз», «Укрхимэнерго», «Феррэкспо» тәрізді ірі компаниялары енгізілген. Олардың Ресей аумағындағы есепшоттары мен акциялары, мүліктері тұтқындалады. Дегенмен, украиналық саясаткерлер өздерін ресейлік санкциялар толғандырмайтынын мәлімдеп отыр. 

2014 жылы Мәскеу Қырымды аннексиялап, Донбасста соғыс басталғаннан кейін Киев Ресейдің 1228 азаматы мен 468 компаниясына санкция жариялағаны белгілі.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу