Пәкістанда Ислам дініне тіл тигізген әйелдің түрмеден босатылуы елде наразылық тудырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда Ислам дініне тіл тигізген әйелдің түрмеден босатылуы елде наразылық тудырды

01.11.2018

Пәкістанда 2010 жылы өлім жазасына кесіліп, дарға асылуы тиіс христиан әйелдің түрмеден босатылуы үлкен наразылыққа себеп болып отыр. Елдің Пешавар, Лахор, Карачи, Мултан қалаларында сан мың адам көшеге шығып, Жоғарғы соттың шешіміне қарсылық білдіріп жатыр. Сондай-ақ, демонстранттар сол үкімді шығарған үш судья өлтірілуі тиіс деп есептейді. Осыған орай, Исламабадта сот ғимараты қоршауға алынып, шерушілерді тоқтатуға армия бөлімшелері жіберілді. Кейбір аудандарда манифестациялар қақтығысқа ұласты деген мәлімет бар.

Төрт баланың анасы Әсия Биби 2009 жылы егістік алқабында жұмыс істеп жүргенде, су құйылған құмыраны ұстағаны үшін мұсылман әйелдерді ашуландырып алған. Екі жақ арасындағы ұрыс кезінде Биби Мұхаммед пайғамдарды үш рет тілдесе керек. Сол үшін ол соққыға жығылып, арада бір жыл өткенде өлім жазасына кесіліп, сегіз жыл бойы жалғыз адамдық камерада отырды.

Премьер-министр Имран Хан арнайы телевизиялық үндеу жолдап, радикалдарды өздерінің саяси мақсаттарына жету үшін қоғам арасына жік салды деп айыптап, жаппай көтеріліске жол бермейтінін ескертті.

 

Арыстан РЫСБЕК 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу