Путин елге миллиондаған орыстілдіні қайтаруды көздейтін жаңа концепциялық тұжырымдаманы бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин елге миллиондаған орыстілдіні қайтаруды көздейтін жаңа концепциялық тұжырымдаманы бекітті

31.10.2018

Ресей «миллиондаған адамды» шақырғысы келеді. Әсіресе – орыстар мен орыстілділерді. Бүгін президент Владимир Путин елдің жаңа миграциялық саясаты концепциясының бекітілгенін жариялады.

«Бұл тұжырымдама шетелден Ресейге біржола көшкісі келетін отандастарға бұрынғыдан қолайлырақ жағдай жасауға бағытталған», - дейді Кремль басшысы. Ал, «Коммерсант» газетінің мәліметінше, 2019-2025 жылдарға арналған концепция Ресей қоғамына пайда әкелгісі келетін шетелдіктерді де тартуды көздеп отыр. Сонымен қатар, жаңа миграциялық саясатқа сәйкес, Ресей азаматтығы мен елде тұруға рұқсат алу процедуралары айтарлықтай жеңілдемек.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу