Мексика арқылы Америка Құрама Штаттарына жол тартқан мигранттар көші тоқтамай отыр. Олардың арасында екі мыңдай бала шұғыл көмекке зәру. Мұны жергілікті адам құқығын қорғау ұйымдары хабарлады. Жеткіншектерге, әсіресе, дәрі-дәрмек пен ауызсу қажет. Сонымен қатар, мұнда санитарлық жағдай өте нашар. Сондықтан, балалар арасында безгек ауруына шалдыққандар кездесіп отыр. Олардың бес жүзі - тым жас.
Босқындардың көбі – Сальвадор мен Гондурастағы кедейшілік пен қылмыстан, зорлық-зомбылық пен коррупциядан қашқандар. Бірақ, президент Дональд Трамп әкімшілігі мигранттарды елге кіргізбеу үшін Мексикамен арадағы шекараға мұздай қаруланған мыңдаған жауынгер аттандырып жатыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.