Ингушетия соты Шешенстанмен арадағы шекара заңын Конституцияға қайшы деп тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ингушетия соты Шешенстанмен арадағы шекара заңын Конституцияға қайшы деп тапты

31.10.2018

Ингушетия соты Шешенстанмен арадағы шекара туралы жаңа заңды Конституцияға қайшы деп тапты. Алайда, республика басшысы Юнус-Бек Евкуров бұл шешіммен келіспей отыр. Оның пікірінше, мұндай үкімді Ресей Конституциялық соты ғана қабылдауы керек.

Айта кетсек, қыркүйектің 26-да Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров пен Евкуров шекара жайлы құжатқа қол қойды. Содан кейін Ингушетияда сан мың адам митингке шығып, бірнеше апта бойы даулы келісімді қайта қарауды талап етті.

Республика парламентінің депутаттары әуелде бұл құжатты бекітіп, кейін оған дауыс бермегендерін айтып, заңның жалған жолмен қабылданғанын мәлімдеді.

Осы дауға байланысты сейсенбі күні Назранда Ингуш халқының дүниежүзілік конгресі ашылып, оған Ресей мен өзге елдерден 700-дей делегат жиналды.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу