Бразилияда президенттікке кандидат Жаир Болсонароға қарсы шеру өтті
Бразилияда жүздеген адам президенттік сайлауда алда келе жатқан кандидат Жаир Болсонароға қарсы шеру өткізді. Акцияны діни топтар ұйымдастырған. Олардың сөзінше, бұл үміткер жеккөрушілікті насихаттап, билікке келейін деп отыр. «Біз сүйіспеншілікті таңдаймыз, оны емес!», дейді Сан-Паулу тұрғындары.
Айта кетсек, бұл мемлекетте президенттік сайлаудың екінші туры жексенбі күні өтеді. Онда электораттың 60 пайызға жуығы осы кандидатқа дауыс беруге әзір.
Жаир Болсонаро бұрынғы армия капитаны. Ол әйелдер мен қара нәсілділер жайлы жағымсыз мәлімдемелерімен халықтың бір бөлігінің көңілінен шықпай отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы