Президент Дональд Трамп өз елін Орта және жақын қашықтыққа арналған зымырандарды жою туралы келісімнен шығармақ. Бұл құжатқа КСРО лидері Михаил Горбачев пен АҚШ-тың сол кездегі президенті Рональд Рейган 1987 жылы желтоқсан айында қол қойды. Алайда, оған Қытай қосылмаған еді.
Трамптың сөзінше, Вашингтон Мәскеуге ядролық шартты бұзуға жол бере алмайды. «АҚШ осы келісім шектеу қойған қаруды дамытады. Егер Ресей мен Қытай солай істеп жатқанда, біз тартынып отырсақ, бұл дұрыс емес», - дейді Ақ үй басшысы.
Кремль болса, ядролық оқтұмсық таситын қанатты ракета жасағанын жоққа шығара отырып, Құрама Штаттарды жауапсыз қалдырмайтынын ескертті.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.