Бавария жерінде өткен сайлауда Меркельдің одақтастары жеңіліске ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бавария жерінде өткен сайлауда Меркельдің одақтастары жеңіліске ұшырады

16.10.2018

Бавария жерінде өткен сайлауда канцлер Ангела Меркельдің одақтастары жеңіліске ұшырады. Христиан-социалистік одағы 35,5 пайыз ғана дауыс жинап, жергілікті парламенттегі басымдығынан айырылып қалған.

Бұл одақ 1950 жылдан бері мұндай төмен нәтиже көрсеткен емес. Ал, Меркельдің үкіметтік коалициядағы одақтастары – социал-демократтар Баварияда тіпті 10 пайыздық межені де бағындыра алмай, заң шығару органындағы мандаттарының жартысын жоғалтып отыр.

Есесіне, «Германия үшін альтернатива» қозғалысы алғаш рет парламентке өтті. Бұл оңшыл саяси топ Еуропа одағының болашағына күмән келтіріп қана қоймай, иммигранттарға қарсы ұрандарымен де неміс қоғамында айтарлықтай күшке айналып келеді.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу