Саудиялық әйелдер бокспен айналыса бастады
Осыдан екі жыл бұрын ғана спортзал қасынан жай ғана өтіп жүретін саудиялық қыз-келіншектер бокспен айналыса бастады. Даммам провинциясында ашылған алғашқы жаттығуға 60 шақты әйел жазылған. Олар қалай соққы жасауды ғана емес, рингтегі жүріп-тұру тәсілдеріне де машықтанады.
Осыдан бірер жыл бұрын, тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман «Көрініс-2030» деген амбициялық реформа жоспарын жариялады. Онда азаматтарды салауатты өмір салтына бейімдеу шаралары да қарастырылған. Ал, былтыр Сауд Арабиясы мектептерінде қыз балалардың да дене шынықтыру сабағына қатысуына рұқсат берілді. Сонымен қатар, биыл мұнда әйелдердің көлік жүргізуіне, стадиондарға баруына қойылған шектеулер өз күшін жойғаны белгілі.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы