Өйткені, олар ешкімге жамандық жасамаған. Мұны бүгін осы елдің премьер-министрі Махатхир Мұхамед мәлімдеді. Ал, Қытай бұл шешімге наразылық білдіріп отыр.
«Рейтердің» хабарлауынша, Малайзия үкіметі оларды Қытай полициясына тапсырудан бас тартып, Түркияға аттандырған. Ұйғырлар бұл мемлекетке былтыр Таиланд түрмесінен қашып барды. Жалпы алғанда, кейінгі жылдары түрік жеріне Оңтүстік-Шығыс Азия арқылы мыңдаған ұйғыр жеткен екен.
Айта кетсек, 92 жастағы Махатхир Мұхамед биыл мамырда өткен парламенттік сайлауда жеңіске жетіп, билікке келді. Содан кейін ол Қытайдың қатысумен жүзеге асуы тиіс құны 20 миллиард доллардың құрылыс жобаларын тоқтатуға бұйрық берді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
