Сан-Паулу қаласында оңшыл кандидатқа қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сан-Паулу қаласында оңшыл кандидатқа қарсы шеру өтті

11.10.2018

Бразилияның Сан-Паулу қаласында сан мың адам марш өткізіп, президенттікке оңшыл партиядан кандидат Жаир Болсонаруға наразылық білдірді. Бұл үміткер қазанның 28-де өтетін екінші турда жеңіске жетеді деген болжам бар.

Болсонару осыған дейінгі мәлімдемелерінде 1964-1985 жылдары билік еткен әскери диктатураны мақтап, әйелдерді төмендеткені үшін қоғамның бір бөлігін ашындырып отыр.

Бразилияда президенттік сайлаудың бірінші туры қазанның 7-де өтті. Сонда бұл саясаткер солшыл кандидат Фернандо Хаддадтан басым түсті. Бұрынғы армия капитаны Болсонару қылмыспен аяусыз күрес жүргізіп, инвесторлар үшін мемлекеттік компанияларды жекешелендіруге уәде беріп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу