Украинаның Чернигов облысында оқ-дәрі қоймасында әлі жарылыс тоқтамай отыр. Соңғы мәліметке қарағанда, 10 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Мұнда жарылыс өткен түні басталды. Қойма 682 гектар аумақты алып жатыр. Онда шамамен 88 мың тоннадай оқ-дәрі сақталған екен.
Украина Әскери прокуратурасы бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.
«Ұлттық қорғаныс» журналының бас редакторы Игорь Коротченконың ойынша, жарылысты осы жерден ұрланып, көлеңкелі базарда сатылып кеткен қарудың ізін жасырғысы келгендер ұйымдастырса керек. Өзге бір болжамдарға қарағанда, оқиғаға әскерилер жауапкершілігінің төмендігі де себеп болуы мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.