Скрипальдар ісі: Екінші күдіктінің шын есімі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Скрипальдар ісі: Екінші күдіктінің шын есімі анықталды

09.10.2018

Ұлыбританияның Солсбери қаласында бұрынғы ресейлік барлаушы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны улады деген күдіктілердің екіншісінің шын есімі жарияланды. Ол Александр Петров емес – Александр Мишкин екен. Мұны ресейлік интернет басылым «Инсайдер» мен «Беллингкэт» зерттеу тобы хабарлады. Оларға сенсек, Мишкин 1979 жылы шілденің 3-де Архангельск облысының Лойга қаласында дүниеге келген. Ол - қазір ГРУ-дің, яғни, Ресей мемлекеттік барлау басқармасының офицері. 

Бұған дейін Мишкиннің серігі Руслан Бошировтың да шын аты басқа екені анықталды.

Дегенмен, екі ресейлік те Скрипальдарды улағандарын жоққа шығарып, Солсбериге турист ретінде барғандарын алға тартып отыр. Ал, президент Владимир Путин қыркүйектің 12-де оларды азаматтық тұлғалар деп атады. Британ үкіметі болса, бұл мәлімдемелерге сенбей отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу