Басты Жаңалықтар Ким Чен Ин елдегі ядролық қару мен зымыран сынайтын орындарға халықаралық инспекторларды кіргізуге әзір

Ким Чен Ин елдегі ядролық қару мен зымыран сынайтын орындарға халықаралық инспекторларды кіргізуге әзір

Солтүстік Корея өзінің ядролық қару мен зымыран сынайтын орындарына халықаралық инспекторларды кіргізуге дайын. Мұны бүгін Пхеньянда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ким Чен Инмен кездескеннен кейін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Американың бас дипломатының сөзінше, тараптар Ким мен Дональд Трамп арасында екінші саммит өткізу детальдері бойынша келісуге жақын.

Айта кетсек, Ким мен Трамп биыл маусымда Сингапурда тарихи кездесу өткізгені белгілі. Бірақ, Вашингтон Пхеньяннан атомдық арсеналдан арылуға шегініссіз қадам жасауды талап еткеннен кейін екі жақ арасындағы келіссөздер тығырыққа тірелген еді.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу