Француз полициясы ислам орталығында рейд жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Француз полициясы ислам орталығында рейд жүргізді

03.10.2018

Француз полициясы ислам орталығында рейд жүргізіп, оның үш басшысын тұтқындады. Олар заңсыз қару ұстағаны үшін қамалып отыр. Жергілікті үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, ұсталғандардың террористік ұйымдармен байланысы болуы мүмкін.

Тінту операциясы Гранд-Сенте коммунасында өткен. Оған 200-дей полиция офицері тартылды. Солардың қатарында элиталық бөлімшелердің қауіпсіздік қызметкерлері де бар. Олар күдікті топтың бірнеше мүшесінің үйлерін де тексерді.

Айта кетсек, кейінгі жылдары Францияда радикалдық ұйымдар  ірі терактілер жасап, 250-ге жуық адамды мерт қылды.

Дегенмен, ислам орталығының екі менеджері журналистерге берген сұхбатында мәлімдегендей, тәртіп сақшылары бұл рейдті негізсіз жүргізіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу