Қытайдың үш ай бұрын жоғалып кеткен әйгілі актрисасының жүздеген миллион юань салықтан жалтарғаны белгілі болып отыр.
Қытай үкіметінің мәлімдеуінше, Фань мен оның компаниялары 129 миллион доллар салық пен айыппұл төлесе, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалмайды.
Биылғы маусымда Қытайда кино мен телевидение саласындағы табысы жоғары қызметкерлердің салықтан жалтарғаны туралы мәліметтер тергеле бастады. Сол күдіктілердің қатарында Бинбин де болған.
Қытай интернетінде жарияланған деректерге қарағанда, елдің танымал актерлары «инь-янь» деген екі түрлі келісім жасайды. Солардың бірі бойынша табыс төмен көрсетіліп, салық аз төленген.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.