Басты Жаңалықтар Токиода тарихи базар көшірілмек

Токиода тарихи базар көшірілмек

Токиода әлемдегі ең ірі  үлкен балық базары көшірілейін деп жатыр. Биліктің бұл шешімі осы жерде жұмыс істейтін жүздеген адамның наразылығын тудыруда. Олар басқа жерге кетсе, бизнестері құлдырайды деп қауіптенеді. Ал, қала басшылығы «Тойосу» базары тұрған кварталдың топырағы мен суында денсаулыққа зиянды заттар табылғанын алға тартып отыр.

Әйгілі балық базары осыдан 95 жыл бұрын ашылған екен. Оған кей күндері 40 мыңдай адам барады.

Тай Ямагуши, ереуілші:

- Мен бұл жерден көшкім келмейді. Қарсымын. Әрине, үкімет мықты, ол бізді алдап әйтеуір кетірмек. Билік сол үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Дегенмен, базар көшіп жатса, бізде қандай амал қалады. Азбыз ғой, қолымыздан не келеді. 

 Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

                                                         

Бөлісу