Иран қыркүйектің 22-де әскери парадта 25 адамды мерт қылған содырлардан кек алу үшін осы Сирияның шығысына бірнеше зымыран атты. Мұны Ислам революциясы сақшыларының корпусынан мәлімдеген. Ал, «Сепах» ресми жаңалықтар агенттігінің дерегінше, Тегеран бұл зымырандармен АҚШ-қа, Сауд Арабиясына, Біріккен Араб Әмірліктеріне арқа сүйеген «тақфири террористерге» соққы берген көрінеді.
Алты баллистикалық зымыран Иранның батысындағы Керманшах провинциясынан ұшырылып, Сирияның Әлбу Қамал ауданындағы қарулы топтардың базаларын қиратып, бірталай адамды мерт қылған. Алайда, АҚШ Ахваздағы әскери парадқа жасалған шабуылға өзінің қатысы жоқ екенін мәлімдеп келеді.
Айта кету керек, бұған дейін Иран Сириядағы жағдайға әсер етіп отырған елдердің бірі. Тегеран Башар Асад билігіне қарулы оппозициямен қақтығысында барынша көмек көрсетіп келеді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.