Басты Жаңалықтар Ердоған Берлинге барды

Ердоған Берлинге барды

Берлинде Түркия демократиясын қолдаушылар шеруі өтті. Бұл акция президент Реджеп Тайып Ердоғанның Германияға сапары кезінде ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, Түрік Республикасы басшысының жақтастары да демонстрацияға шығып, Ердоғанның саясатына қолдау білдірді. Айта кетсек, Германияда тегі түрік үш миллионнан астам азамат тұрады. Өзге бір мәліметтерге қарағанда, бүгін түстен кейін Берлинде «Ердоған, қош келмедің!» деген ұранмен ауқымды манифестация басталады.

Ақ сарайдың қожайыны жұбайымен Нью-Йорктен бұл мемлекетке бейсенбі күні ұшып барды.

Берлин мен Анкараның қатынастары 2016 жылы Түркияда әскери төңкеріс әрекеті жасалғаннан кейін шиеленісіп кетті. Ердоған үкіметі сол путчтан бері ондаған мың адамды түрмеге қамады. Олардың арасында немістер де бар.

Бақылаушылардың ойынша, Ердоған бұл үшкүндік сапарды Германиямен сауда қатынастарын қайта орнату үшін пайдаланбақ. Еске сала кетсек, түрік экономикасы қазір дағдарысты бастан кешіп жатыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу