Егер Иран Америка азаматтарына немесе одақтастарына залал келтіретін болса, тозақта жауап береді. Мұны АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон ескертті. Ал, президент Дональд Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында мәлімдеме жасап, Иранды Таяу Шығысқа бей-берекетсіздіктің, ажалдың, күйреудің дәнегін сеуіп жатыр деп айыптады. Ал, Ислам Республикасының президенті Хасан Роухани болса, Құрама Штаттарды «әділетсіз санкция» жариялады деп кінәлап, халықаралық мәселелерді күшпен емес, авторитаризммен емес, заңмен шешуге шақырды. Сондай-ақ, Иран терроризмді қолдады деген мәліметтерді жоққа шығарып, Вашингтонды Тегеранға қарсы психологиялық соғыс отын өршітті деп айыптады.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.