Венесуэла президенті Николас Мадуроның қымбат мейрамханада тамақтануы халықты қатты ашындырып отыр. Бұл кадрлар оның Стамбулға сапарында түсірілген. Видеода түріктің әйгілі аспазшысы Нусрет Гөкче Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорестің алдында етті ерекше шеберлікпен турағаны көрсетілген.
Ал, соңғы мәліметке қарағанда, венесуэлалықтардың 64 пайызы дұрыс тамақтанбағандықтан, орта есеппен 11 келі салмақ жоғалтыпты.
Айта кетсек, бұл мемлекетте алапат экономикалық дағдарыс кесірінен азық-түлік пен ең қажетті тауарлар өте тапшы. Сондықтан, 2014 жылдан бері Венесуэладан 2 жарым миллионға жуық адам елден кетуге мәжбүр болған.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.