Екі Корея басшысы ортақ келісімге қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі Корея басшысы ортақ келісімге қол қойды

19.09.2018

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын елдің негізгі зымырандық нысандарын шетелдік мамандардың көзінше жоюға келісіп, басты ядролық кешенін жабуға ниет білдірді. Бірақ, соңғысын орындау үшін АҚШ тарапынан тиісті жауап болуы тиіс. Мұны Пхеньянда өткен саммиттен кейін Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мәлімдеді.

Мун мен Ын ортақ келісімге қол қойып, Корей түбегін ядролық қарудан ада әрі қауіпсіз жерге айналдыруға уағдаласты. Ким болашақта Сеулге баратынын мәлімдеп отыр. Бұған қоса, тараптар 2032 жылғы Жазғы Олимпиаданы бірлесіп өткізуге ниетті.  

Бұл кездесу АҚШ пен Солтүстік Корея арасында тұралаған келіссөздерге қайта серпін беріп, Кимнің президент Дональд Трамппен қайта кездесуіне жол ашады деген үміт бар.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу