Анкара Идлибке қосымша әскер жібереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкара Идлибке қосымша әскер жібереді

19.09.2018

Түркия Сирияның Идлиб провинциясына қосымша әскер жібереді. Мұны осы елдің сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы мәлімдеді. Оның сөзінше, түрік сарбаздары мен Ресей әскерлері оппозиция қолындағы Идлиб пен үкімет қарамағындағы аудандар ортасында патруль жүргізіп, екі жақтың соғысуына жол бермейді. Бүгінде бұл майдан шебінде түріктің 12 бақылау бекеті тұр. 

Айта кетсек, осыған дейін президент Реджеп Тайып Ердоған мен Кремль басшысы Владимир Путин Идлибте соғыссыз аймақ құруға келісіп, Сирия армиясының бұл провинцияны қайтару жоспарына тосқауыл қойды. Өйткені, ол жанжал басталатын болса, Түркияға миллиондаған босқын қашып барар еді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу