Ресейде «қырғи-қабақ» соғыстан бергі ең ауқымды әскери жаттығу жалғасып жатыр. Бүгін оны тамашалау үшін Забайкалье аймағындағы Цугол полигонына президент Владимир Путиннің өзі барды.
«Восток-2018» жаттығуы қыркүйектің 17-не дейін жалғасып, оған Солтүстік және Тынық флоты да тартылады. Маневрлар Қытай шекарасының маңында өтіп жатыр. Оған Ресей армиясының 300 мыңдай жауынгері мен офицері қатысуда. Сонымен қатар, «соғыс ойындарына» Қытай қарулы күштері де шақырылған.
«Восток-2018» Ресей мен Батыстың арасы шиеленіскен шақта ұйымдастырылып отыр. Оның барысын НАТО мен Азия-Тынық мұхит аймағында қуатты әскер ұстап отырған АҚШ та қадағалайды.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.