Рубль оңалуы мүмкін
Ресей рублі кейінгі жылдары доллардың қасында айтарлықтай әлсіресе де, оның жағдайы өзге дамушы елдердің валюталарымен салыстырғанда жаман емес. Оған қоса рубль жыл соңына қарай біршама күшеюі де мүмкін. Мұны Американың «Merrill Lynch» банкінің ресейлік бөлімшесінің экономисті Владимир Осаковский «Рейтер» агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. Оның сөзінше, нарықтағы қысымға мұнай бағасының өсімі арқасында төтеп беріп отырған Ресей ақшасының АҚШ долларына шаққандағы бағамы жыл соңында 65 рубльге дейін түсуі мүмкін. Айта кетсек, осыдан бірер күн бұрын Ресейде «жасыл ақшаның» құны 70 рубльден асты.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы