Ким атом қаруынан бас тартатын мерзімін атады
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Дональд Трамптың бірінші президенттік мерзімі аяқталғанша ядролық қарудан бас тартуды көздеп отыр. Сондай-ақ, ол Оңтүстік Корея басшысымен үшінші рет саммит өткізуге келісті. Бұл кездесу қыркүйектің 18-20 күндері Пхеньянда өтіп, онда Корей түбегін ядролық арсеналдан тазартуға бағытталған «іс-шаралар» талқыланады.
Айта кетсек, бұған дейін сәтсіз аяқталған келіссөздерде Солтүстік Корея АҚШ-тан әскерін Оңтүстік Кореядан алып кетуді және өзіне қауіпсіздік кепілдігін беруді талап еткен-ді. Ал, бүгін Ким Трампқа сенімін жоғалтпағанын және Америка президенті жайлы жағымсыз сөз айтпағанын мәлімдеп отыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы