Басты Жаңалықтар Венесуэла тұрғындары қыркүйектің 11-нен бастап ақшасын алтынмен сақтай алады

Венесуэла тұрғындары қыркүйектің 11-нен бастап ақшасын алтынмен сақтай алады

Венесуэла тұрғындары қыркүйектің 11-нен бастап ақшасын алтынмен сақтай алады. Сондықтан, бұл құнды металлды сатып алған адамдарға арнайы сертификат беріледі. Ондай құжатқа алғашқылардың бірі болып президент Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес ие болды. 

Бір грамм алтын шамамен 40 долларға бағаланып отыр. Айта кетсек, Венесуэла бес жылдан бері ауыр рецессия мен гиперинфляциядан зардап шегіп отыр. Жыл соңында мұнда инфляция деңгейі миллион пайызға жетеді деген болжам бар. Елде доллармен бірге азық-түлік пен дәрі-дәрмек те тапшы.

Тұрмысы нашарлаған халық Колумбия, Перу, Эквадор, Бразилия сияқты елдерге қашып жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлемде мұнай бағасының түсуінен экономикасы күйреген Венесуэладан шетелге соңғы үш жылда 1,6 миллион адам кеткен екен.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Бөлісу