Аргентина астанасы Буэнос-Айресте мыңдаған мұғалім мен оқушы марш өткізіп, білім саласын молырақ қаржыландыруды талап етті. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, мұндай акциялар бүкіл елде өтіп жатыр.
Айта кетсек, жақында үкімет экономикалық дағдарысты еңсеру мақсатында бюджеттік шығындары қысқартатынын жариялады. Қаржы үнемдеу шарасы білім саласын да айналып өтпеді.
Аргентина – Латын Америкасының екінші экономикасы. Бірақ, оның резервінде валюта таусылуға жақындағандықтан, жергілікті билік Халықаралық валюта қорынан 50 миллиард доллар көмек сұрады. Сонымен қатар, елдің ұлттық валютасы – песоның құнсыздануын тоқтату үшін орталық банк пайыздық үстемені 60 пайызға дейін көтерген.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.