Солтүстік Корея осыдан 65 жыл бұрын Корей соғысында қаза тапқан америкалық жауынгерлердің сүйегін еліне қайтарды. 55 сарбаздың мүрдесі ең алдымен Оңтүстік Кореядағы америкалық базаға жіберілді.
Айта кетсек, биыл маусымның 12-де президент Дональд Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Сингапурда кездескені белгілі. Сол саммиттің нәтижесінде екі басшы соғыста құрбан болған америкалықтардың мәйітін еліне қайтаруға келіскен-ді. Сонымен қатар, олар Корей түбегін ядролық қарудан толық тазартуға да уағдаласты.
Бақылаушылардың ойынша, Америкаға жауынгерлер сүйегінің қайтарылуы Вашингтон мен Пхеньянның бір-біріне деген ізгі ниетін де білдірсе керек.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.