Оңтүстік Африка Республикасының Йоханнесбург қаласында БРИКС елдері басшыларының саммиті өтіп жатыр. Бұл ұйымға Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай тәрізді әлемнің алып елдері кіреді. Олардың қатарына кейін Оңтүстік Африка Республикасы да қосылды.
БРИКС-тің аумағында әлем халқының 50 пайызынан астамы тұрады. Оған жердің үштен бір бөлігі мен дүниежүзілік ішкі жалпы өнімнің бестен бір бөлігі тиесілі.
Үш күндік саммитте өсім мен гүлдену жолында бірлесіп әрекет ету мәселелері талқыланады.
Кездесу қарсаңында Қытай президенті мәлімдеме жасап, қазір дүниежүзінде жүріп жатқан сауда соғысынан ешкімнің ұтпайтынын ескертті.
Си Цзиньпин, Қытай Президенті:
- Сауда соғысынан бас тартуымыз керек. Себебі, онда ешкім жеңіске жете алмайды. Ал, экономикалық үстемдікке қарсылық тіпті күшті болуы тиіс. Өйткені, мұндай үстемдік халықаралық қауымдастықтың ортақ мүдделеріне нұқсан келтіреді. Осы жолды ұстанған елдердің өздері де одан зиян шекпек.
Арыстан РЫСБЕК