Зимбабве экономикасында қолма-қол ақша тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зимбабве экономикасында қолма-қол ақша тапшы

25.07.2018

Зимбабве экономикасында ақша таусылуға жақын. Сондықтан, елде бизнес тұралап отыр. Мұндай жағдай Зимбабвенің көптеген банктерінде де қалыптасқан.

Адамдар есеп айырысу үшін «ЭкоКэш» деген электрондық жүйені қолдануға мәжбүр. Бұл жүйе клиенттің есепшотында қаржы бар екенін растап, сол арқылы сауда жасауға мүмкіндік береді.

Зимбабве өзінің әбден құнсызданған валютасынан 2009 жылы бас тартып, АҚШ долларына көшті. Бірақ, шетелмен сауда аз жасалып жатқандықтан және сырттан инвестиция келмегендіктен, мемлекет экономикасы үлкен ақша дағдарысына ұшырап отыр. 

Рамахлаб, Хараре тұрғыны:

- Меніңше, қолма-қол ақшаға мұқтаждық жойылмайды. Өйткені, жаңа электрондық жүйемен қызанақты немесе бананды сатып ала алмайсыз. Кәдімгі ақша бәрібір керек. Ал, «ЭкоКэшті» қолдануға үйрену үшін біраз уақыт кетеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу