Ауғанстанда лай көшкіні 300 үйді қиратты
Ауғанстанда лай көшкіні 300-ге жуық үйді қиратып, кемінде 10 адамды мерт қылды. Қайғылы оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Панджшер провинциясында болған. Онда көшкін Пешғор деген ауылды жайпап өткен. Жергілікті тұрғындар жоғалып кеткендерді өз күштерімен іздестіріп жатқан-ды. Оларға екі тікұшақпен құтқарушылар бригадасы мен гуманитарлық көмек жеткізілді.
Ауғанстанның бірнеше аймағы қар ерігенде лай көшкіндерінен жиі зардап шегеді. Мұндай апаттардың көбейіп кетуіне бір жағынан ормандардың азаюы да себепші.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдардың ядролық физика саласындағы жетістігі
27.10.2026, 20:30
Алматыда 5 мың пластик бөтелке қайта өңдеуге жіберілді
27.10.2026, 20:28
Атырауда ұлттық мерекенің мән-мағынасы дәріптелді
27.10.2026, 20:27
Асыл тұқымды жылқы саны артып келеді
27.10.2026, 20:26
Конституцияда неке ұғымы нақты айқындалған
27.10.2026, 20:25
«Кітап оқитын ұлт»: Түркістан облысынан 73 мың оқырман тіркелді
27.10.2026, 20:23
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21