Трамп: Германия Ресейдің бақылауында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп: Германия Ресейдің бақылауында

11.07.2018

Германия Ресейдің бақылауына толық түсті. Бұл – НАТО үшін жаман жағдай. Мұны бүгін Солтүстік Атлантикалық альянс елдері басшыларының Брюссельде ашылған саммитінде АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.  Оның сөзінше, Германия көгілдір отынның 70 пайызын Ресейден импорттап, Мәскеудің қармағына ілінген.

Ақ үй басшысы мұны президент Владимир Путинмен келесі аптада Хельсинкиде кездесер қарсаңда айтып отыр. Ал, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергтің сөзінше, альянс мемлекеттері қорғанысқа шығынды арттырмақ.

НАТО елдері бұған дейін әскери бюджетті жалпы ішкі өнімнің 2 пайызына жеткізуге келіскен-ді. Бірақ, сол уәдені Польша, Германия, Франция, Канада, Испания әлі орындай алмай келеді.

Трампның ойынша,  Еуропа НАТО-ның операцияларын толық қаржыландырмай отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу