Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ су басқан аудандарды аралады
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ алапат тасқын жайлаған аудандарға аттанды. Соңғы мәліметке қарағанда, бұл апаттан 176 адам қаза тауып, ондаған тұрғын жоғалып кеткен.
Жапонияда мұндай сұрапыл топан соңғы рет 1982 жылы болған екен. Елдің батысында су тасқыны мен лай көшкінінің басталуына дамылсыз жауған жаңбыр себепші. Оның кесірінен миллиондаған адам баспаналарын тастап, мыңдаған үй жарықсыз қалды. Қазір Окинава, Хиросима префектураларында құтқару және қалпына келтіру операциялары жалғасып жатыр.
Күн 33 градусқа дейін ысығандықтан, құтқарушылардың өздері де жүрек талмасы ауруына шалдығады деген қауіп бар.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы